Ссылки доступа

Керри: ИМ-ге қарсы күресте едәуір жетістіктер бар


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Таяу Шығыстағы жаңа ұрпақ лидерлері ИМ және Әл-Каидамен күресті нығайту үшін барлық шараларды қолға алып, аймақтың саяси және экономикалық климатын өзгертеді деп мәлімдеді.

Alhurra телеарнасына берген сұхбатында АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Таяу Шығыстың жаңа ұрпақ лидерлері, әсіресе Сауд Арабия елі ИМ және Әл-Каидаға қарсы күрестегі халықаралық коалицияны күшейтеді деп атап өтті. Ол сонымен бірге Иракта саяси өзгеріс жасауға шақырды. Керри Сауд Арабия ханзадасы Мохаммед бин Салманның рөлін де атап өтті.

"Біздің одақтасымыз өте көп жұмыс жасауда. ИМ-ге қарсы күресіп жатқан 66 мемлекет бар, бірақ Таяу Шығыс елдері белсене қатысып жатыр. Біз ИМ-ді қаржыландырудың жолын кесу үшін жұмыс істеудеміз. Біз жастардың радикалдық күштерге қосылып кетпеуін алдын алудамыз. Сол себептен, біздің бірқатар бастамаларымыз бар", - деп атап өтті Керри.

Керридің сөзінше, коалицияға мүше елдер ИМ қатарына шетелдіктердің қосылуын едәуір азайтқан. ИМ-нің көптеген лидерлері өлтірілген.

Қолданушылар осы жерден видеоның түпнұсқасын жүктей алады.

XS
SM
MD
LG