Ссылки доступа

Қырғызстан шекара мәселесін шешуге кірісті


Қырғызстанның қорғаныс Кеңесі ел президентінің қатысуымен өткен жабық кездесуде мемлекеттік шекараны тиімді қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынш кешенді шараларды талқылаған.

ҚР қорғаныс Кеңесінің хатшысы Темір Жұмақадыров "шекара қауіпсіздігін күшейтуге байланысты бірқатар тапсырма берілгенін, негізінен: шекара қауіпсіздігінің әлеуетін көтеру, әскери дайындықты күшейту, мемлекеттік шекара қызметін материалды-техникалық қамтамасыз етуді нығайту мәселелеріне көңіл бөлінгенін" мәлімдеді.

Оның айтуынша, жекелеген мемлекеттік органдарға әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін шекара маңындағы жұмыстардың тиімділігі мен белсенділігін арттыру жүктелген. "Шекара маңындағы аймақтарда түрлі қақтығыстардың алдын-алу үшін, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізу тапсырылды," - деді Темір Жұмақадыров.

Ол сонымен бірге, шекара маңындағы қақтығыстардың азайып, делимитация және демаркация жұмыстарының алға жылжығанын атап өтті.

XS
SM
MD
LG