Ссылки доступа

Германия Ресейдің "үлкен сегіздіктен" шығып қалғанын мәлімдеді


ГФР федералды канцлері ведомствосының өкілдері әзірге Ресейдің жетекші индустриалды елдер қатарына оралуына сүйекті себеп жоқ деп санайды.

"Неміс толқыны" радиосының сайты Der Spiegel басылымының 1 мамырда шыққан санындағы "G8 форматы бітті" деген хабарламасын таратты.

10 көкекте Германия СІМ басшысы Франк-Вальтер Штайнмайер Ресейдің "Үлкен сегіздік" қатарына оралуы үшін Украинаның шығысындағы қақтығысты саяси жолмен реттеуге қатысуы керектігін және Сирия дағдарысын бейбіт реттеуде "сындарлы" саясатты жалғастыруы қажеттігін ескертті.

"Үлкен сегіздік" форматы Ресей Украинадан Қырым түбегін тартып алған соң қызметін тоқтатты. 2014 жылдан бері Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция, АҚШ және Жапония Ресейдің қатысуынсыз кездесіп келеді.

XS
SM
MD
LG