Ссылки доступа

Назарбаев қазақстандықтарға "украин сценариі" қаупін ескертеді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1-мамырда сөйлеген сөзінде Украинаның саяси, әлеуметтік және экономикалық күйзелісін еске салып, ұлттық жікшілдік қаупін ескертті.

"Бұрынғы ССРО елдерінің ішінде Украина аумағы жағынан екінші үлкен мемлекет. Бірақ бүгінде экономикасы Қазақстаннан екі есе кем", - деп мәлімдеді Назарбаев Халық бірлігі күнінде. Назарбаевтың берген бағасы бойынша, себебі ол елде бірлік жоқ, алдына қойылған міндеттер орындалмайды, адамдары айқай-шумен, бір-бірлерін өлтірумен айналысуда.

Украинада 2014 жылдан бері Ресей елдің шығыс бөлігін аннексиялағаннан кейін, сепаратистер арасында тартыс орын алып келеді.

Ал бұл уақытта Қызылорда мен Жаңаөзен қалаларында 1 шілдеден бастап жерді аукционға қоюға қарсы шерулер өтті.

Қызылорда қаласында орталық алаңда өткен мерекелік шараның соңына қарай бір топ азамат "жер сатуға және жалға беруге" қарсы талаптар айтып жиналды. Шлем киіп, қалқан ұстаған полиция жасағы оларды алаңның шетіне қарай ығыстырып шығарды. Бұдан соң жергілікті билік өкілдерінің ұсынысы бойынша наразылардың бір тобы Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы драма театры ғимаратының ішіне кіріп, театр сахнасы алдында билік өкілдеріне талаптарын айтты. Куәгерлердің әлеуметтік желілерде хабарлауынша, полиция қарсылық танытқан бірнеше адамды ұстап алып кеткен.

Дәл осындай талаппен Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы орталық алаңға бір топ тұрғын шыққан. Қазақстанда "жер сатуға қарсылық" шерулері билік тарапынан рұқсат берілмесе де, 24 сәуірден бастап бірнеше аймақта өтті. Бұған дейін Атырау, Ақтөбе және Семей қалаларында тұрғындар жиналып, билікке наразылықтарын білдірді.

XS
SM
MD
LG