Ссылки доступа

Қызылордада полиция "жерге қатысты" акцияға шыққандарды күшпен ығыстырды (видео)


Қызыорда қаласында Халық бірлігі күні орталық алаңға шығып, "жерді жалға беруге және сатуға" қарсы талаптарын білдірген бір топ адамдарды полиция ығыстырды.

Кейін қала билігі қарсылық білдіргендерді Нартай Бекежанов атындағы драма театрға шақырып, сонда жергілікті билік өкілдері наразылардың талаптарын тыңдады.

Олармен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов, облыстық мәслихат хатшысы Наурыз Байқадамов, "Нұр Отан" партиясының аймақтық филиалының жетекшісі Ибадулла Құттықожа кездесті. Наразылық білдірген белсенділер жер тағдыры халықпен келісе отырып шешілу керек деді. Олар билікті халықпен ашық сөйлесуге шақырды.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов заңда барлығы көрсетілгені, егер жалға алушылар жерді дұрыстап өңдемесе, мемлекеттің олардан жерді тартып алатын құқықтары бар деді. Диалог бір сағаттай созылды. Осыдан кейін, наразылық білдірушілер тарқады.

XS
SM
MD
LG