Ссылки доступа

Мобилді флирт үшін 13 жылға дейін жазалануы мүмкін


Тәжікстанда Хатлон облысы Пяндж ауданының құқық қорғау органы 25 жастағы Икболмох Лутфуллозодаға қатысты алаяқтық жасап, бопсалаумен айналысты деген күдікпен қылмыстық іс қозғады.

Алдын ала тергеу ісіне сәйкес, күдікті мобилді телефонмен "0990" бағдарламасы арқылы дауысын ерлердікіндей өзгертіп, әртүрлі қыз-келіншектерге қоңырау шалып, танысып суреттерін жіберуді сұраған. Кейін, олардан ақша талап еткен, болмаса көпшілікке жариялап, ұятқа қалдырамын деп бопсалаған. Егер Лутфуллозодаға тағылған айып дәлелденсе, ол 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. "0990" қоңырауы электронды робот арқылы телефондағы дауысты өзгерте алады.

Пяндж ауданы ішкі істер басқармасының басшысы Фирузшох Одиназода Икболмох телефон арқылы қыздармен Мұхаммедпін деп танысып, болашақ құрбандарын өзіне ғашық еткен дейді.

"Қыздарға суреттерін салуды сұраған. Кейін Икболмох олардан ақша талап еткен, егер ақша бермесе, жалаңаш суреттеріңді интернетке жариялаймын деп қорқытқан. Тек бір құрбаннан ғана 3 мың сомони алған. Ал құрбандары өте көп", - дейді Одиназода. Бірнеше қыз-келіншектерден арыз түскеннен кейін, Лутфуллозода сәуір айының басында ұсталған. Құрбандарының дені ауылдастары болып шыққан.

Икболмох Лутфуллозода мектепті бітіргеннен кейін еш жерде оқымаған, жұмыс істемеген. Оның туған ағасы Хуршед Ходжаев қарындасының тек үй жұмысымен айналысқанын, ешқашан қолынан телефон көрмегенін айтады.

XS
SM
MD
LG