Ссылки доступа

VimpelCom акционері Гүлнәр Каримованың дауынан кейін екі топ-менеджерді жұмыстан қуды


VimpelCom-ның Кармованың құрылымдарына миллиондаған пара берген дауынан соң, норвегиялық Telenor Group компаниясының екі топ-менеджері компания атына кір келтіргендері үшін жұмыстан қуылды.

Норвегияның Telenor Group телекоммуникациялық компаниясы бас қаржы директоры Ричард Олав пен заң директоры Виен Эспеннің Голландияда тіркелген VimpelCom компаниясындағы Telenor Group үлесіне қатысты заң бұзушылықтарға жол бергендері үшін жұмыстан қуылғандарын хабарлады.

Екі менеджер Өзбекстан аумағында «Билайн» сауда белгісімен мобильдібайланыс қызметін көрсететін Vimpelcom төңірегіндегі дауға байланысты компания бастаған ішкі тергеуге байланысты былтырғы жылдың күзінде жұмыстан уақытша шеттетілген.

Бұл Өзбекстанда жұмыс істеу үшін осы ел президентінің үлкен қызына миллиондаған пара беруге байланысты Telenor Group компаниясынан жұмыстан кеткен алғашқы жоғары лауазым иелерінің алғашқысы емес. Былтыр Telenor Group компаниясының басқарма кеңесінің төрағасы Свейн Осер мен бас директор Йон Фредерик Баксаас қызметтерімен қоштасқан.

Биылғы жылдың ақпанында VimpelCom Өзбекстанда бизнес жүргізу үшін осы ел үкіметіндегі ықпалды тұлғаға 114 миллион доллар пара бергенін мойындаған еді. Сонымен бірге компания ресми түрде АҚШ пен Нидерландының жемқорлыққа қарсы органдарына 795 миллион доллар көлеміндегі өз тарихындағы екі үлкен айыппұл төлеуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Өткен айдың басында АҚШ әділет министрлігі шетелдік компаниядан миллондаған пара алған өзбек үкіметіндегі ықпалды тұлға ретінде Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнәр Каримованың есімін атаған. Сонымен бірге американдық әділет министрлігі Швейцария банктерінде жатқан 550 миллион доллардан астам ақшаны қайтаруды талап етіп Каримова мен оның сыбайластарын сотқа берді.

XS
SM
MD
LG