Ссылки доступа

Германияда оңшылдар Исламға қарсы бағдарлама қабылдады


Германияның әсіре оңшыл саяси партиясы елде иммиграцияны тоқтатуды, мешіт мұнараларына тыйым салуды талап етіп жатқан кезде «Исламға орын жоқ» деген ұранмен манифест қабылдады.

«Германия үшін балама» партиясы қазір елдегі жетекші саяси қозғалыстардың үштігіне кіреді. Партия манифестінде «ортодоксалды Ислам біздің Конституциямызды сыйламайды, тіпті оған кереғар келеді. Ол біздің заң шығарушы жүйеміз бен мәдениетімізбен үйлеспейді» делінген.

Үш жыл бұрын пайда болған қозғалыс Еуроодаққа саяси құрылым ретінде сенімсіздік білдіреді. Оның мүшелері қарулы қақтығыстан көз ашпаған Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінен босқындарды қабылдау туралы канцлер Ангела Меркельдің ең белсенді қарсыластарына айналды.

Былтыр неміс жеріне миллионнан астам босқын келген. Штутгартта өткен жиында манифест мазмұнын партияның екі мыңғажуық мүшесі мақұлдаған. Оңшылдардың екікүндік жиналысы олардың қарсыластарының наразылық шаралары аясында өтті.

XS
SM
MD
LG