Ссылки доступа

Одессада белгісіз біреулер Куликово алаңында бомба қойылғанын хабарлаған


Полиция қызметкерлері мен жарылғыш зат мамандары ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін Куликово алаңына шұғыл жеткен. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Украина ІІМ басшысы Зорян Шкиряк хабарлады.

УНИАН агенттігі Одессадағы ұлттық полиция қалалық басқармасына сілтеме жасай отырып, бомбаның кәсіполақтар Үйіне қойылғаны туралы ақпарат шыққанын хабарлады.

Ішкі істер министрі Шкиряк мәлімдемесінде: "Ресейшіл, сепаратистік мемлекетке қарсы күштердің тарапынан қарулы арандатушылық болған жағдайда, оның салдары тәртіп сақшылары мен бейбіт тұрғындардың өмірі мен тыныштығына қауіп төндірсе берілетін жауап та қатаң болады", - деп ескертті.

Мұның алдында Одесса облысының губернаторы Михаил Саакашвили 2 мамыр күні Украинаның "ішкі және сыртқы жауларының" арандатушылық дайындап жатқаны туралы нақты мәлімет бары екені жайлы мәлімдеген болатын. Ол сонымен бірге, қақтығыс туған жағдайда тәртіп сақшыларына оқ ату туралы бұйрық берілгенін жоққа шығарды.

Бүгін Одессада 2014 жылы 2 мамырда "Украинаның бірлігі үшін" қозғалысының мүшелері мен Майданға қарсылардың арасында болған қанды оқиғаның қаралы жылдығы. Тәтіртіпсіздіктер кезінде кәсіподақтар үйінде өрт шығып, қырықтан астам адам қаза тапты. Одессалық қоғамдық топтың зерттеу қорытындысында өрттің тұтанған бариикададан басталғаны айтылады. Соның салдарынан адамдар от құрсауында қалды. Баррикадалардың неден өртенгені сол күйі белгісіз қалды.

XS
SM
MD
LG