Ссылки доступа

Саакашвили: билік "Одессаны шайқалтпақ" болғандарға кедергі жасады


Михаил Саакашвили
Михаил Саакашвили

Одессада 2014 жылдың 2 мамырында болған қайғылы оқиға тыныш, бірқалыпты атап өтіліп жатыр деп хабарлады қала губернаторы Михаил Саакашвили.

Саакашвили алдын ала мәлімдегендей, қаладағы жағдайды "шайқалту" үшін бірнеше кедергілер келтірмек болған, оған "Киевтің олигархтары" да араласқан. Бірақ дер кезінде оқиғаны алдын алған. Саясаткер Одессаға алдын ала келген Ұлттық гвардияның және Ұлттық полицияның күштері қалада 10 мамырға дейін қалатынын айтады.

Дүйсенбі күні кешкісін Одессаның Грек алаңында украинды жақтаушылардың митингісі болған, оған бірнеше жүздеген адам қатысқан. Акция екі жыл бұрын болған қайғылы оқиғаны және Донбаста қайтыс болған сарбаздарды еске алу құрметіне ұйымдастырылған.

Екі жыл бұрын Одессада "Украина бірлігі үшін" маршына қатысушылар мен Майданға қарсылар арасында қақтығыс орын алып, 48 адам қайтыс болған. Жаппай тәртіпсіздік кезінде Кәсіподақ үйінде өрт болды.

XS
SM
MD
LG