Ссылки доступа

"Жерге қатысты" митингілер қазақстандық әдебиетшілерді де мазалады


Алматыда дүйсенбі күні Жазушылар одағы ғимараты жанында бас қосқан бір топ ақын-жазушы соңғы кезде Қазақстанда ең өзекті тақырыпқа айналған "жер мәселесіне" қатысты ойларымен бөлісті.

Үкіметтің "жер сату" жоспарына қарсылық білдірген тұрғындар сәуірдің 24-інен бері Қазақстанның бірнеше аймағында наразылық акцияларына шыққан.

"Он жыл бойы жерді игере алмаған адам 25 жылда да өнім алып жарытпайды" дейді Темірхан Медетбек.

Ал Заря Жұманова "қазақ халқы үшін киелі саналатын жер мәселесін бүкіл қоғам пікірін ескере отырып шешу керек" деген пікір білдірді.

Бейбіт Қойшыбай "шетелдіктерге жер беруге қатысты заңдағы қарама қайшы тұстарды" қайта қарауды ұсынады. Жас жазушы Қанат Әбілқайыр "қазір қоғамда қызуы көтеріліп тұрған жер мәселесін одан әрі ушықтырмаудың жалғыз жолы – халық талабына құлақ асу" деп санайды.

Бүгінгі пікір алмасуға Мырзан Кенжебай, Зейнолла Тілеужанов, Мереке Құлкенов, Жұмаш Кенебай және Әмірхан Меңдеке қатысты.

XS
SM
MD
LG