Ссылки доступа

Обама:арнайы операциялар – лаңкестермен күрестегі басты қару


АҚШ президенті Барак Обама дүйсенбі күні кешке CNN арнасында көрсетілген сұхбатында америкалық президенттер лаңкестермен барлау мәліметтеріне сүйенген арнайы жасақ күшімен күресетінін мәлімдеді.

"әл-Қаида" террорлық ұйымының жетекшісі болған Осама бен Ладеннің өлтірілгеніне бес жылдығына орай сұхбатында Обама бұл операция болашақтағы шараларға үлгі болатынын айтты.

Президенттің сөзінше, америкалық лаңкестерге қарсы қызметтің табысты күресінің арқасында "әл-Қаида" секілді лаңкестік ұйымдардың АҚШ аумағында ауқымды лаңкестік әрекет жасау мүмкіндігі күрт төмендеді. Дегенмен радикалды топтардың идеологиясын түбегейлі жоюдың сәті түспегенін мойындаған Обама:"Әлем әлі де қауіп алдында. Таяу Шығыс бұрынғыдан да күрделі жағдайға тап болды", - деп мәлімдеді. Ирак пен Ауғанстандағы әскери операциялар туралы тікелей айтпаса да, президент террорлық ұйымдардың базасына айналған елдерге 100 мың әскер жіберу керісінше радикалды идеологияның өрши түсуіне себеп болғанын да мойындады.

XS
SM
MD
LG