Ссылки доступа

Мәскеуде Сириядағы бітім туралы талқыланбақ


БҰҰ-ның Сирия жөніндегі елшісі Стаффан де Мистура бүгін Сириядағы бейбітшілік пен бітім туралы келіссөздерді қалпына келтіру мәселесін талқылау үшін Мәскеуге келеді.

Мистура Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен сириялық шиеленісті тоқтатуға, оның ішінде Сирияның әлі де қақтығыс боп жатқан аудандарында оқ атуды доғаруға қатысты әлемдік қоғамдастық қолға алатын қосымша шараларды талқыламақ.

Сирия үкіметімен және елдегі түрлі оппозициялық топтармен үнемі байланыста отырған Мәскеу қақтығысты бейбіт реттеуге байланысты келіссөздерді жалғастыруға қажет мүмкіндіктерге ие. Мұның алдында 27 көкекте аяқталған келіссөздер үлкен нәтиже бермей, Сирияның Алеппо секілді ірі қаласындағы қақтығыс одан әрі өршіп кетті.

Кеше Ресейдің сыртқы істер министрі Сириядағы бітім туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен сөйлесті. Ресей сыртқы істер министрлігі Лавров пен Керридің «Мәскеу және Вашингтонның жаңа қадамдарын келіскені» туралы хабарлады.

XS
SM
MD
LG