Осылайша, Жеңіс Күні қарсаңында нацистік Германияға қарсы күресте тұрғындары жанқиярлық ерлік көрсеткен "батыр-қалалар" ескерткіштерінің бәріне гүл қою дәстүрі бұзылды.
Өзге қалаларға арналған ескерткіштердің алдындағы гүл себеттерін ресми орындар қойғанға ұқсайды, дегенмен оны кремльдік қызметкерлердің немесе қалалық шаруашылық қызметтері, болмаса жеке адамдардың әкелгені белгісіз боп тұр.
Кейбір интернет пайдаланушылар мұны Мәскеу мен Киев арасындағы жаулық қатынасты көрсету үшін әдейі жасалған деп бағалады. Өйткені кеңестік батыр-қала есебіндегі, тағы бір украиндық қала - Одессаға арналған ескерткіш гүлсебеттерімен безендірілген.