Ссылки доступа

Шымкентте жер мәселесімен жас белсенділер ұсталды


Полиция Шымкенттегі тұрғын үйлердің ауласында "жер саудасына қарсы бейбіт қарсылық шарасын" талқылауға жиналған жастарды ұстаған.

— Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі юізді бейбіт қарсылық шарасына қатысты қабылдауына шақырды. Біз достарымызбен бірге бейбіт митинг өткізу мәселесін талқылауға жиналғанбыз, — дейді біршама әңгімелесуден кейін полиция бөлімінен босатылған Сүйін Абдулда есімді азаматтық белсенді.

Мұның алдында Шымкенттегі бірқатар азаматтық белсенді қала әкімі Ғабидулла Әбдірахимовқа 21 мамырда Абай атындағы саябақта биліктің жер сатуға және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді шетелдіктерге жалға беру жоспарына қарсы митинг өткізу өтініш жолдаған.

XS
SM
MD
LG