Ссылки доступа

Тәжікстандағы тәуелсіз ақпарат құралдарына ресми мәлімет алу қиындады


Тәжікстан үкіметінің мемлекеттік органдардың ақпаратын бірінші кезекте "Ховар" ақпарат агенттігіне беру туралы хаттамасы жария болысымен, елдегі тәуелсіз ақпарат құралдарына ресми мәлімет алу қиындап кеткен.

Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының Ұлттық агенттігінің жетекшісі Нуриддин Каршибаев Душанбеде өткен Дүниежүзілік сөз бостандығы күніне арналған конференцияда бұл құжатқа сәйкес, үкіметтік құрылымдардың ресми ақпаратты тек мемлекеттік "Ховар" ақпарат агенттігіне беретінін хабарлады.

Каршибаев: "Қазір мемлекеттік шенеуніктер бұл хаттаманы тәуелсіз ақпарат құралдарымен әріптестік орнатпау туралы нұсқау ретінде пайдаланады. Олар осы құжатқа сүйеніп, тәуелсіз журналистердің сұрақтарына жауап беруге міндетті емеспіз деп санайды және бізбен әріптестік орнатудан бойларын аулақ салады", - деді.

"Шекарасыз репортерлер" халықаралық ұйымы әлемдегі 2016 жылғы сөз бостандығы туралы жаңа есебінде Тәжікстандағы жағдайды "қауіпті тоқырау" деп бағалады.

XS
SM
MD
LG