Ссылки доступа

Канадада өрттен 80 мың тұрғыны бар қаланы көшіруде


Канаданың Альберта провинциясында орманнан шыққан өрттен 80 мың тұрғыны бар Форт Мак-Маррей қаласын көшіріп жатыр. Тұрғындар жанармай колонкасы жарыла бастағаннан кейін қаладан кетіңдер деген нұсқау алған.

Канадалық CBC телеарнасының хабарлауынша, өрт қаланың кемінде екі ауданын шарпыған. Әзірге құрбан болғандар не зардап шеккендер туралы хабарланбаған.

Қалада дүрбелең басталған. Себебі шаһардан шығатын жалғыз жол өртке оранған. Алдын қаланың оңтүстік бөлігін 30 мың адам тастап шыққан. Айтып келмейтін апатпен жүз шақты өрт сөндірушілер күресіп жатыр. Оларға арнайы тікұшақ көмекке келген.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо жергілікті билікке көмектесетінін мәлімдеп, азаматтарды қаланы тастап шығу жөніндегі бұйрықты орындауды сұрады. Форт Мак-Маррей ірі мұнай кенішіне жақын жерде орналасқан.

XS
SM
MD
LG