Ссылки доступа

Centerra Gold Inc: Құмтөр кенішінде өндіріс тоқтаған жоқ


Құмтөр кенішінің Бішкектегі "Құмтөр Голд Компания" бас кеңсесін құқық қорғау органдары тексеріп жатқанымен, өндіріс жұмысын жалғастырып жатыр. Осылай деп компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Компания Канаданың инвестициялық өндірісті реттеу ұйымы (IIROC) Канада заңдарына және халықаралық құнды қағаз саудасы жөніндегі ережеге сәйкес 2016 жылдың 29 сәуірінде Centerra Gold Inc. құнды қағазы саудадан уақытша шығарылған. Алайда бұл кеніштің жұмысына кедергі келтірмеген.

Компанияның баспасөз қызметі қазіргі уақытта құнды қағаз саудасы қайта іске қосылғанын хабарлайды. "Құмтөр Голд Компания" — Centerra Gold Inc.-тың еншілес компаниясы, Құмтөр кенішінің операторы.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 28 сәуірінде Қырғызстанның Бас прокуратурасы, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі "Құмтөр Голд Компания" кеңсесін тінтіп, компания ақшасын заңсыз шетелге шығаруға қатысты құжаттарды іздеген.

Бас прокуратураның мәліметтеріне сәйкес, тінту жүргізгеннен кейін, келесі күні компанияның қаржы ісі жөніндегі вице-президенті Марк Бертон мен техникамен жабдықтау жөніндегі менеджері Лесли Лоу елді тастап кеткен. Егер олар қайтып оралмаса, бас прокуратура заңға сәйкес тиісті шаралар қолданатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG