Ссылки доступа

Тәжікстанға Ашраф Ғани келе жатыр


Тәжікстанға ресми сапармен Ауғанстан президенті Мұхаммед Ашраф Ғани келе жатыр деп хабарлайды ТР СІМ баспасөз қызметі.

Ресми сапар 10-11 мамырға жоспарланған. Ашраф Ғани Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен және елдің өзге де жоғары лауазымды тұлғаларымен кездеседі деп күтіледі.

Бұл Ашраф Ғанидың үкіметінің Ауғанстанның ұлттық бірлігі деп жариялағаннан кейінгі Тәжікстанға бірінші сапары.

Үстіміздегі жылдың наурыз айында Эмомали Рахмон ауған әріптесін Тәжікстанға арнайы сапармен келуге шақырған.

XS
SM
MD
LG