Ссылки доступа

Оралда "жер мәселесіне" қатысты митинг өтті


Оралда рұқсат етілмеген стихиялық митинг аяқталды, "жер мәселесіне" қатысты орталық алаңға шыққандар бейбіт түрде тарады.

Наразылық білдірушілер 21 мамырда орталық алаңға тағы да шығатындарын ескерткен. Олар жергілікті билікке митинг өткізу жөнінде өтініш беретіндерін ескертті. Алаңға шыққандарды полиция ұстамаған.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов жиналғандарға митингке шыққандарды қудаламауға уәде берген. Әкім орынбасары халықты әкімдік ғимаратындағы жиналыс залына шақырып, "жер мәселесін" сонда талқылауды сұрады. Алайда, наразылық білдірушілер ол жаққа бармады.

Сәуір айының аяғында және мамыр айының басында Атырау, Ақтөбе, Семей, Қызылорда, Жаңаөзен қалаларының халқы үкіметтің ауыл шаруашылығына арналған жерлерді шетелдікке ұзақ мерзімге жазға беру жоспарына қарсы рұқсат етілмеген митингке шықты. Ал Қазақстанның өзге аймақтарында "жер мәселесіне" қатысты жалғыз адамдық қарсылықтар өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG