Ссылки доступа

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Алеппо дағдарысын талқылайды


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 4 мамырда соңғы айларда ұрыс алаңына айналған Сирияның солтүстік орталығы Алепподағы дағдарысты талқылауды жоспарлап отыр.

Кездесудің бастамашылары Франция мен Ұлыбритания. Өз кезегінде Ресей де Сириядағы соғысты тоқтату жөнінде ұсынысты жалғастырып келеміз деп мәлімдеді. БҰҰ-дағы Францияның тұрақты өкілі Франсуа Делатра Алеппоны Босния соғысындағы Сараевоға теңеді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесі БҰҰ бас хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Джеффри Фелтманның Алепподағы жағдай жөніндегі баяндамасын тыңдайды. Алеппода соңғы рет 3 мамырда әуе шабуылынан перзентхана қирап, 19 адам қайтыс болған.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде БҰҰ-ның Сирия мәселесі жөніндегі арнайы елшісі Стефан ди Мистурамен кездесуден кейін Алепподағы ұрысты күштеп тоқтату жөнінде келісімге келгендерін мәлімдеді.

22 сәуірден бергі Алепподағы соғыс 270 адамның өмірін жалмады.

XS
SM
MD
LG