Ссылки доступа

"Домодедово" әуежайында Тәжікстан азаматы ұсталды


Ресейдің ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ресейлік полицияның отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікпен бір тәжік азаматын ұшақпен Душанбеден Мәскеуге жеткізіп, оны "Домодедово" әуежайында бірден тұтқынға алған.

Ұсталған Махмадали Ахмадов Самар облысында алты адамды өлтірді, кішкентай қызға ауыр жарақат салды деген күдікке ілінген.

Таяуда Тәжікстанның ІІМ іздеу салынған адам елден кетуге дайындалып жатыр деп хабарлаған.

Еске сала кетейік, 24 сәуірде Самар облысы Сызрань ауданының полиция қызметкері Андрей Гоштты және оның отбасының бес мүшесін түнде белгісіз біреулер өлтіріп кеткен.

30 сәуірде Ресейдің Тергеу комитеті күдікті үш адамды ұстағанын хабарлаған. Ал төртінші күдіктінің Тәжікстанға қашып кеткені айтылған.

XS
SM
MD
LG