Ссылки доступа

Еуропалық орталық банк 500 еуро банкнотын шығармайды


Еуропалық орталық банк 2018 жылдың соңынан бастап 500 еуро банкнотын шығармайтынын, ал айналымдағы ақша өзінің құндылығын сақтап қала беретінін мәлімдеді.

500 еуролық банкнотты шығармау жөнінде ірі ақшаны қылмыскерлер оңай пайдаланатынын әрі терроризмді қаржыландыру мақсатында сақтауға ыңғайлы болғандықтан шешімге келген.

500 еуродан құралған миллион еуро бар болғаны 2 килограмм 200 грамм болады екен. Ол әрі ноутбукқа арналған сөмкеге оңай сыйады екен. Ал 50 еуродан тұратын дәл осындай ақша шамамен 22 килограмм болады. Оны тек үлкен спорттық сөмкемен ғана алып жүре алады деп атап өтеді AFP.

XS
SM
MD
LG