Ссылки доступа

Қырғызстанда Конституция Күнін мерекелеуде


Қолданыстағы Конституция 2010 жылы референдумда қабылданған, тәуелсіз Қырғызстанның тұңғыш Негізгі заңын Жоғарғы Кеңес 1993 жылы 5 мамырда қабылдады.

Парламент спикері Чыныбай Тұрсынбеков 1993 жылы қабылданған заң Қырғызстанның жаңа тарихындағы маңызды белес болғанын, елдің ішіндегі мемлекеттік биліктің жаңа форматын қалыптастырғанын және сыртқы саясаттағы қарым-қатынас бағдарын белгілегенін атап өтті.

«Парламентаризм жолы – ұзақ әрі көп еңбекті талап ететін жол, бірақ түбінде парламенттік басқару даму мен өркендеуге әкеледі. Парламентке басымдық беретін мемлекеттік басқару үлгісін таңдағанда біз нағыз халықтық билікті орнату жолындағы кедергілер мен тосқауылдардың күрделі болатынын білдік. Блұған қарамастан, қырғыз халқы мен қырғыз парламенті жаңа жағдайды сенмді түрде қабылдады, жаңа бағыттағы дамуды таңдап алды. Қазір парламентаризм жүйесі өзінің алғашқы жемісін беріп жатыр», - деді Тұрсынбеков.

XS
SM
MD
LG