Ссылки доступа

"Жер митингі": алғашқы тұтқындаулар


Алматы қаласының тұрғыны 1 мамырда қаланың орталығында рұқсат етілмеген митингке шыққаны үшін 15 тәулікке қамалды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Кемелбаев Н. есімді азаматты «бейбіт жиналыстар өткізу мен ұйымдастыру тәртібін» бұзды деп айыптап, 15 тәулікке қамады.

Сот материалында, 1 мамырда, жексенбі күні кешке, Пушкин көшесі мен Райымбек батыр даңғылының қиылысында Кемелбаевтың «рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырғаны», наразылық шарасында биліктің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді сату және шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беру мүмкіндігін қарастырған жоспарларына қарсы пікір айтқаны жазылған. Аяқ астынан болған митингке «жүз қаралы адамның қатысқаны» туралы айтылған.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы наразылық шарасының бейнежазбасы пайда болған еді. Онда пушкин көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысындағы жолайырығында ондаған адамның «жер мәселесі» туралы сөйлеп тұрған жанды тыңдап тұрғаны көрінеді.

XS
SM
MD
LG