Ссылки доступа

Ресей Өзбекстанға 7 мыңға жуық сотталған адамды беруі мүмкін


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев екі ел арасындағы жазасын өтеушілерді алмастыру туралы келісімге қол қойды.

«Ресей Федерациясы мен. Өзбекстан арасындағы түрмеде жазасын өтеушілерді алмасу Келісімінің» жобасы Ресей үкіметінің сайтында 4 мамырда жарияланды. РФ пен өзбек мемлекеттік органдары құжатты мақұлдаған.

Келісім бойынша, Ресейдегі жазасын өтеушілерді Өзбекстанға беру жағы сотталған адамның жазбаша келісімімен және денсаулығы мен жасының келуіне байланысты себептермен ғана жүзеге асады.

Ресейдің ресми органы жариялаған статистикалық мәлімет бойынша, елдегі 564 мың жазасын өтеушінің шамамен 28 мыңы шетелдік азаматтар боп табылады. Оның ішінде Ресей түрмелерінде Өзбекстанның 6 786 азаматы, Украинаның 2 964 және Әзірбайжанның 2 846 азаматы отыр.

XS
SM
MD
LG