Ссылки доступа

Тәжікстан имамдары «салафиттерді» әшкерелейді


Қорған-төбе мешіттеріндегі бірқатар имам-хатибтар өздеріне мешітте мұқият болу және тыйым салынған "Салафия" қозғалысын қолдаушыларды әшкерелеу міндеті жүктелгенін мәлімдеді.

Тәжікстанның құқық қорғау және билік органдарының өкілдері арнайы жиында Хатлон облысындағы Қорған-төбе аймағындағы 25 қала мен ауадынның имам-хатибтарынан жастардың «Салафия» ағымына ілесуіне қарсы тұруды және олардың «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына ілесіп кетуінің алдын алуды талап еткен.

Азаттық радиосының дереккөзінің хабарлауынша, бұл жиында Ирак пен Сириядағы соғысқа Хатлон облысының 200 тумасы қатысып жатқаны туралы және кей дерек бойынша олардың 30-ы кәмелетке толмаған, ал 20-сы әйелдер екені айтылған.

Пяндж ауданындағы Эшон Джамшед атындағы мешіттің хатиб-имамы Хабибулло Файзуллаев билік өкілдерінің өздеріне намаз кезінде мешітке келгендердің қалай құлшылық қылатынын қадағалауды және тыйым салынған ұйым мен қозғалыс мүшелерінің іс-әрекетін бағып жүруді тапсырғандарын айтады.

Бұл жиынның алдында Тәжікстанда «Ислам мемлекетінің» қара туын тіккен Нүрек және Шахритус елді мекенінің 20 тұрғыны түрмеге жабылған еді. Хатлон облысының прокуроры үстіміздегі жылдың алғашқы үш айында экстремистік сипаттағы 132 қылмыстың беті ашылғанын және облыстың ондаған тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG