Ссылки доступа

Оппозицияның Болотная алаңындағы шарасына 4 жыл болды


6 мамырда Мәскеудегі Болотная алаңындағы «Миллиондар маршы» оппозициялық шарасының өткеніне 4 жыл толады.

Бұл шара кейін билік жаппай тәртіпсіздіктер деп атаған ерушілер мен полицияның қақтығысымен аяқталды. Ол кезде бірнеше жүздеген адам қамауға алынды, ондағаны жараланды, көптеген қатсушының үстінен әкімшілік іс қозғалды. Сол күні Ресейдің Тергеу комитеті қозғағанқылмыстық іс бойынша бүгінде 35 адам жауапқа тартылған.

Жыл сайын 6 мамырда «Болотная ісі» бойынша жауапкерлердің туыстары мен белсенділер алаңға жиналады. 2014 жлдан бері Мәскеу қаласының билігі бұл шараға рұқсат бермейді және оның мүшелерін ұстап келеді. Биыл да қала билігі рұқсат етпегеніне қарамастан белсенділер Болтоная алаңына жиналмақшы.

Құқық қорғаушылар «Болотная ісінің» саяси астары барын айтады.

XS
SM
MD
LG