Ссылки доступа

Назарбаев Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге мораторий жариялады (бейнежазба)


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі жаппай қарсылық шарасынан кейін Жер кодексіне енген өзгерістерді кейінге қалдыруға мәжбүр болды.

Жер кодексіндегі өзгерістерге мораторий жариялау туралы шешім Астанадағы президент сарайындағы жиналыстан соң қабылданған. Осы мәселе бойынша ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев қызметінен кетті. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сөгіс жарияланды.

Президент Назарбаев мораторий жариялау туралы шешімін заңға енген өзгерістерді алдымен халыққа түсіндіру қажеттілігімен байланыстырды. 24 көкектен бері ел бойынша заңдағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді жеке меншікке сатуға және шетелдіктерге жалға беру мүмкіндігін қарастырған өзгерістерге қарсы наразылық шаралары өтті.

Президент Назарбаев басында бұл қарсылық шараларын «арандатушылардың» ісі деп атаса, билікке жақын ақпарат құралдары оқиғадан «Батыстың араласуын» іздеді, бірақ Астана 1 шілдеде күшіне енуі тиіс болған өзгерістерді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Президент Назарбаев бүгін де Жер кодексіне енген өзгерістерге қарсы наразылықтың ар жағында "жеке бас мүдделері тұр" деп санаса да, заңның даулы ережелеріне наразы халықтың пікірінен соң шегінуге мәжбүр болды.

Астанадағы жиналыста Назарбаев: «Сондықтан мен бүгін шешім қабылдадым. Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған бірқатар нормалары нақты айтқанда, былтырғы енгізілген 4 норма, күшіне енгізуге мораторий жариялаймын. Ендігі жылға дейін. Алдымен егжей -тегжейін қарап, халыққа түсіндіріп, Парламентпен бірге шешейік. Мораторийді не аламыз, не алмаймыз», — деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG