Ссылки доступа

Тәжікстан әлемдік қауымдастық алдында есеп береді


Әділет министрі Рустам Шохмурод жетекшілік ететін Тәжікстан делегациясы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде 2010-2015 жылдар арасындағы елдегі адам құқықтарының сақталуы деген тақырыпта баяндама жасайды.

Женевадағы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі сессияда Тәжікстанда тыйым салынған Исламның жаңаруы партиясының мәселесі қаралатын болады. Сонымен бірге партия лидерлеріне қатысты өтіп жатқан сот процесіне журналистерді қатыстыру мәселесі де көтерілмекші. Елдегі діни сенім бостандығы жағдайы да сөз болады деп күтіледі. БҰҰ Кеңесі Тәжікстан билігі терроризм және экстремизммен күресті желеу етіп, сөз бостандығын тұншықтырып жатыр деп алаңдайды.

Тәжікстан үкіметінің өкілдері еліндегі түзету мекемелеріндегі зорлық-зомбылықты шектеу үшін қандай шара қолданып жатқандықтары жөнінде есеп беруі қажет. Соңғы бірнеше жылдан бері үкімет Қызыл Крест өкілдерін түрмелерді тексеруге жібермей келеді.

Тәжікстан соңғы рет БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде 2012 жылы есеп берген.

XS
SM
MD
LG