Ссылки доступа

АҚШ офшорлы компанияларға бақылауды күшейтеді


Құрама Штаттар әйгілі болған "Панама құжаттарынан" кейін офшорлы банктің есепшоттарын заңсыз пайдалануға қарсы бірқатар шаралар енгізгенін мәлімдеді.

Ерекше салық аймағындағы қаржы мекемелері компанияның негізгі қожайындарын ашық жариялауы тиіс. Мысалы АҚШ-та Делавер, Вайоминг және Невада штаттары бір-екі сағаттың ішінде компанияларды жеке куәліктерін тексерместен тіркей береді.

Енді Обама әкімшілігі қабылдаған жаңа ережеге сәйкес, банктер, қорлар, брокерлер мен өзге қаржылық мекемелер клиенттерінен міндетті түрде жеке куәлік, құжаттар сұрауы тиіс.

АҚШ қаржы министрі Джек Лью Сенаттан сонымен бірге сегіз халықаралық салық конвенциясын қабылдауға шақырды.

XS
SM
MD
LG