Ссылки доступа

Бішкекте халықаралық балет фестивалі өтеді


Қырғыз академиялық опера және балет театрында 15-21 мамыр аралығында IV-халықаралық балет өнерінің фестивалі өтеді. Бұл жөнінде театрдың әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі Елена Мягкова мәлімдеді.

Оның сөзінше, бұл жылы фестиваль ССРО-ның халық әртісі, қырғыздың ұлы бишісі Бүйбісара Бейшеналиеваға арналады. Фестивальге Германия, Армения, Ресей, Әзербайжан, Қазақстан және Қырғызстанның өнер жұлдыздары қатысады.

Халықаралық байқау 15 мамырда М. Раухвергердің "Чолпон" қойылымымен ашылмақ. Онда қырғыздың балет жұлдыздары қатысады. 17 мамырда көрермендер Армян ұлттық академиялық опера және балет театры әртістерінің қатысуымен "Жизель" спектаклін тамашалайды.

19 мамырда Германияның Дрезден мемлекеттік операсының жетекші әртістері П. Чайковскийдің "Лебединое озеро" қойылымын қояды. 21 мамырда Германия, Ресей, Армения, Әзербайжан, Қазақстан және Қырғызстан елдері бишілерінің қатысуымен гала-концерт өтеді.

XS
SM
MD
LG