Ссылки доступа

Түркіменстанда 500 күндік ат жарысы өтеді


Түркіменстанда 500 күндік жалпыұлттық ат жарысы басталды. Жарыстың аяқталуы 2017 жылдың қыркүйек айында Ашхабадта өтетін V-Азия ойындарының басталуы күніне сәйкес келеді.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов жеке өзі жарысқа қатысатын 17 тұлпарды дайындаған. Жарыс елдің бес аймағында 100 күннен созылады. Жалпыұлттық ат жарысы Азия ойындары басталатын күні аяқталады.

Бұл ойындарға Азия және Мұхиттардан 60 ұлттық олимпиадалық кеңесі қатысуға келіскен. Құқық қорғаушы ұйымдар авторитарлы елдердің ойындарға дайындығына алаңдаушылығын білдіреді. Amnesty International халықаралық ұйымы спутниктік түсірілімдерге сілтеме жасай отырып былтыр ойындарға дайындық ретінде құрылыс жүргізу мақсатында 50 мыңнан астам адамды үйлерінен күштеп көшірілгенін мәлімдеген.

Түркіменстан Олимпиада ойындарында ешқашан жеңген емес, тіптен 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарына спортшыларын жібермеді.

XS
SM
MD
LG