Ссылки доступа

Тәшкент милициясы көліктердегі "Георгий лентасын" жұлып жатыр


Өзбекстандықтарға Ресейде Герман-Совет соғысы жеңісінің белгісі болып табылатын "Георгий лентасының" орнына өзбек туы түстес лента пайдалануды ұсынады.

Тәшкент тұрғыны Маруфжон таяуда милиция қызметкерлері көліктен "Георгий лентасын" алып тастауды бұйырғанын айтып шағымданады. "Милиция Георгий лентасы тағылған әрбір көлікті тоқтатып, лентаны алып тастауды бұйырып жатыр. Мен оларға не үшін деп сұрағанымда, олар көлікті жүргізуге кедергі келтіреді, жол қауіпсіздігіне қауіп төнеді деп жауап берді", - дейді Маруфжон.

Uzmetronom, интернет-басылымының хабарлауынша, Өзбекстан ІІМ қызметкерлерінің әрекеті жөнінде 4 мамырдан бастап ақпараттар түсе бастаған.

Тәшкенттің құқық қорғау құрылымындағы дереккөзге сәйкес, үкіметтен "Георгий лентасын" таққызбау жөнінде арнайы нұсқау түскен.

Еске сала кетейік, үстіміздегі аптада Тәшкентте Ресей елшілігі "Георгий ленталарын" тегін тарқату акциясын жүргізген еді.

XS
SM
MD
LG