Ссылки доступа

Тәжікстанда референдумға дайындық жүріп жатыр


Тәжікстанда Конституцияны өзгертуге қатысты референдум өтуге екі аптадан кем уақыт қалды. Өзгертулердің ішінде қазіргі президент Эмомали Рахмонға елін басқаруға кандидатурасын шексіз ұсынуға мүмкіндік беретін баптар бар.

Тәжікстанда конституциялық референдум 22 мамырда өтеді. Тәжікстан парламентінің екі палатасының өкілдері әзірлеген түзетулер 41 тармақтан тұрады, соған қоса 65-бапты келесі мазмұнмен толықтыру ұсынылады: "Осы баптың төртінші бөлігінде қарастырылған шектеулер Бейбітшілік және ұлттық бірлік негізін қалаушы – Ұлт көшбасшысына қатысты емес. Бейбітшілік және ұлттық бірлік негізін қалаушы – Ұлт көшбасшысының құқықтық мәртебесі мен өкілеттігін конституциялық заң анықтайды".

Тәжікстанның қазіргі президенті, елді 1992 жылдан бері басқарып келе жатқан Эмомали Рахмон конституцияның қолданыстағы нормаларына сәйкес 2020 жылғы сайлауда өз кандидатурасын ұсынуға құқығы жоқ, бірақ ұсынылған түзетулер референдумда қабылданса, ол Ұлт көшбасшысы ретінде өз кандидатурасын ешбір шектеусіз ұсыну құқына ие болады.

Сондай-ақ Тәжікстан конституциясына үміткерлердің президент болу жас шектеуін 35-тен 30-ға дейін қысқарту ұсынылмақ. Аталған түзету Рахмонның ұлы Рустам Эмомалиға 2020 жылғы президенттік сайлауда кандидатурасын ұсынуына мүмкіндік береді.

XS
SM
MD
LG