Ссылки доступа

АҚШ: Иракта ИМ жетекшісі өлтірілді


АҚШ билігінің хабарлауынша, "Ислам мемлекеті" тобының жетекшісі Ирактың батысындағы Анбарда коалиция шабуылдаған әуе соққысынан қаза тапқан.

Пентагон баспасөз хатшысы Питер Куктың мәлімдегеніндей, Абу Вахиб пен тағы да үш адам шабуыл кезінде көліктерінде қайтыс болған. Куктың сөзінше, Вахиб алдын "Әл-Каиданың" мүшесі болған, кейін ИМ жариялаған бейнежазбада көрінген.

Алдын әуе соққы соған бағытталды деген хабар тараған болатын. Пентагон кейіннен бұл ақпаратты растады. АҚШ жетекшілік ететін шетелдік коалиция Иракта ИМ-ге қарсы 2014 жылдан бері шабуыл жасап келеді.

XS
SM
MD
LG