Ссылки доступа

Ресей мен АҚШ Сирияға қатысты келіссөзді жаңартуға шақырды


Мәскеу мен Вашингтон Сирияда бейбіт тұрғындарға қатысты кез-келген шабуылды тоқтатуды талап етті.

Ресей мен АҚШ Сирияда ұрысты тоқтатып, кикілжіңді саяси реттеуге ниетті екенін мәлімдеді. Бұл жөнінде Сирия жөнінде Ресей мен АҚШ-тың бірлескен мәлімдемесінде айтылады.

Мәскеу мен Вашингтон соғысушылардан Сириядағы бейбіт тұрғындарға қарсы және инфрақұрылыстар мен медициналық мекемелерге шабуылды тоқтатуды талап еткен. Олар Дамаск пен сириялық оппозицияны елдің аумағындағы мұқтаждарға гуманитарлық көмек жеткізуге мүмкіндік беруге жағдай жасауын сұраған.

Дүйсенбі күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри телефонмен сөйлескен. Олар Женевада құрылған бірлескен оперативті орталық аясында ресейлік және америкалық сарбаздар әрекеттерінің үйлесімділігінің маңызды екенін атап өткен.

XS
SM
MD
LG