Ссылки доступа

Қырғыздарға жасалған шабуылды бұзақылық ретінде бағалаған


Мәскеу метросының полициясы ұлтшылдық себептермен Қырғызстан азаматтарына күш көрсеткен бір топ жастарды ұстаған. Олардың әрекеттері "бұзақылық" деп бағаланған. Айыптары мойындалса, 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Шабуыл сәуір айында болған. Ішімдік ішіп алған бір топ жастар метроның вагонында екі қырғыз мигрантын өлімші етіп сабап тастаған. Зардап шеккендердің біреуі астананың ауруханасына жеткізілген.

Ресейде жыл сайын ондаған мигрант неонацистердің құрбаны болады. "Сова" құқық қорғау орталығының мәліметі бойынша, тек 2016 жылдың сәуір айында Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір, Забайкал аймақтарындағы шабуылдардан кем дегенде 12 адам зарбап шеккен. Біреуі қайтыс болған.


XS
SM
MD
LG