Ссылки доступа

Назарбаев Мәскеудегі парадқа қатысты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 71 жылдығына арналып Мәскеуде өткен әскери парадқа қатысты.

Мәскеудегі парадқа 10 мың әскер, 135 соғыс көлігі, 71 ұшақ пен тікұшақ келген.

Қазақстан президенті Ресей астанасына жексенбі күні барған. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық туралы, аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылаған. Назарбаев Путинді жеңістің 71 жылдығымен және Восточный ғарыш айлағынан алғашқы зымыран ұшырылуымен құттықтаған. Путин жеңіс мерекесіне арналған парадқа қатысу мақсатымен Мәскеуге келгені үшін Назарбаевқа алғыс айтқан. Бірінші рет Жеңіс күніне арналған әскери парад Қазақстанда, Беларусияда және Қырғызстанда өтпеді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (1939-1945) 50 миллионнан астам адам қаза тапқан, оның ішінде құрбан болған ССРО азаматтар - 27 миллион.

XS
SM
MD
LG