Ссылки доступа

Дамаск Алепподағы бітімді екі күнге созды


Сирияның әскери қолбасшылығы 10 мамырдан бастап, елдің солтүстігінде орналасқан Алеппо қаласы мен оның іргесіндегі елді мекендерде оқ атуды тоқтатуды 48 сағатқа созды.

Бұған дейінгі мәміленің мерзімі 9 мамырда аяқталған еді. Соңғы аптада бұл өңірде үкімет әскері мен көтерілісшілер қақтығысының ушығуынан жалпыұлттық бітімге және Женевадағы Сирия үкіметі мен оппозиция арасында өтіп жатқан келіссөздерге қауіп төнген еді.

Оқ атуды тоқтату мәмілесін қайта қалпына келтіру үшін тараптар 29 көкектен бері Алеппо секілді кейбір өңір бойынша бірнеше жекелеген келісімге қол қойды. Келісім күшіне енгеніне қарамастан, қалада әлі күнге қарулы қақтығыс жалғасуда.

XS
SM
MD
LG