Ссылки доступа

Қырғызстан картобының төңірегіндегі жағдай Астанада талқыланады


Астанада Қазақстанға Қырғызстан картобын әкелуге салынған тыйымды алып тастау мәселесі қаралады. Бұл туралы Қырғызстанның ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекциясы директорының орынбасары Руслан Бейшенқұлов хабарлады.

«Қырғыз картобын Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салатын ресми құжатты көрмедік. Алайда іс жүзінде жағдай солай. Бүгін Астанаға аттанатын мамандар тобы картоп экспортына қойылған шектеуге себеп болған жайттарды талқылауға және келіссөз жүргізуге бара жатыр», — деді Бейшенқұлов.

Оның сөзінше, 2016 жылдың қаңтарынан бері Қазақстанға 1 400 тонна картоп сатылып, оның 113 тоннасы алтын түсті жұмыр құрт шығуы себепті кері қайтарылған. Бұл құрт өнімділікті төмендеткенімен, адам денсаулығы мен өміріне қауіпсіз.

2016 жылы мамырдың басында Қазақстанныңауыл шаруашылығы министрлігі құрттаған картоптың жиі келуіне байланысты Қырғызстаннан картоп әкелуге уақытша тыйым салды. Биылғы жылдың басынан бері құрттаған картоп тасу бойынша 79 жағдайдың тіркелгені туралы хабарланған болатын.

XS
SM
MD
LG