Ссылки доступа

Италияда лаңкестік шабуыл жоспарлады деген күдіктілер ұсталды


Итальян полициясы тұтқындаған екі ауғандық пен бір пәкістандық осы елде және Франция мен Ұлыбритания аумағында лаңкестік шабуыл жоспарлаған астыртын ұйым мүшелері болуы мүмкін.

Прокурор Роберто Росси олардың шабуылды сөзсіз жасауы мүмкін екеніне дәлел жоқ болса да, олардың «дайындық жасағандары анық екенін» мәлімдеді. Күдіктілер қатарында 23 жастағы Хаким Насири мен 29 жастағы Гулистан Ахмадзай есімді екі ауған азаматының есімі аталады.

Насириге халықаралық лаңкестікке қатысы бар, ал Ахмадзайға заңсыз миграцияға көмектесті деген айыптар тағылған. Қамауға алынған 24 жастағы үшінші адам - пәкістандық Зулифгар Амджад та заңсыз миграцияға қатысы бар деп күдіктеледі. Олардың мобильді телефондарындағы суреттер мен жазбалармен танысқан тергеушілер тұтқындалғандар Бари, Рим, Париж және Лондонда шабыл жасауды жоспарлаған деп санайды.

XS
SM
MD
LG