Ссылки доступа

Тянь-Шань тауынан жойылып кеткен мұхиттың қалдығы табылған


Халықаралық ғалымдар тобы Қырғызстанның Тянь-Шань тауынан жойылып кеткен ежелгі мұхит аралының қалдығын тапқан. Бұл жөнінде Новосібір мемлекеттік университетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Олардың мәліметінше, зерттеуге Ресей, Германия, Ұлыбритания және Жапония елдерінің ғалымдары қатысқан. Зерттеу нәтижесі Gondwana Research журналында жарияланған.

Новосібір мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері Инна Сафонованың айтуынша, қалдықтар Тянь-Шань тауының Қырғызстан аумағындағы оңтүстік жотасынан табылған.

"Бұл тек мұхит жайында емес, біз мұхит аралының қалдықтарын таптық. Ғалымдар оның жасын да есептеп шығарды. Бұл жерде шамамен 55 миллион жыл бұрын мұхит аралы болған", – дейді Сафонова.

Қазір ғалымдар Түркістан немесе Оңтүстік-Тяньшаньдық мұхит Қазақстан мен Тарим орталығында, яғни қазіргі Еуроазиялық материкте болған дейді.

XS
SM
MD
LG