Ссылки доступа

Ресей думасы "шетелдік агенттер" туралы заңды қайта қарамақ


Ресейдің "Коммерциялық емес ұйымдар" туралы заң жобасындағы "саяси қызмет" деген түсінік қайта қаралады, онда қайырымдылық ұйымдарды "шетелдік агенттер" деп есептемейді. Бұл жөнінде "Коммерсант" хабарлайды.

Басылым дереккөзінің мәліметінше, әлеуметтік ұйымдардың қайырымдылық істеріне жағдай жасау үшін, мемлекеттік дума басшылығына аталған тапсырманы президент Владимир Путиннің өзі берген.

Алдын қайырымдылық қордың құрылтайшылары Ресей президентінің атына хат жазып, депутаттардың заң жобасын қайта қарауын, ондағы "саяси қызмет" ісіне нақты түсініктеме беруін сұраған. Аталған заң жобаның қабылдануына Адам құқықтары жөніндегі президен кеңесі де қарсы болған.

Сәуір айында мемлекеттік дума әділет министрлігі ұсынған "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заң жобасын талқыламастан, бірінші оқылымда мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG