Ссылки доступа

Өлтірілген тәжік генералының ұлы 22 жылға сотталды


Душанбе соты Тәжікстан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Абдухалим Назарзоданың үлкен ұлын 22 жылға бас бостандығынан айырды.

28 жастағы Бахтиёр Назаров конституциялық құрылымды күшпен өзгертіп, жаппай тәртіпсіздікке шақырды және ауыр қылмыс жасады деп айыпталды.

Азаттықтың тәжік қызметіне ақпарат көзі Бахтиёр Назаровқа үкім өткен айда шығарылғанын, сот отырысы жабық есік жағдайында өткенін хабарлайды. Күш құрылымдарындағы дереккөзге қарағанда, былтыр қыркүйек айында Бахтиёр Назаровпен бірге Абдухалим Назарзоданың екі ұлын да ұстаған. Бірақ кейін екеуін босатқан.

Генерал Абдухалим Назарзода өткен жылы қыркүйек айында Душанбе шетінде арнайы операция кезінде өлтірілген. Тәжікстан билігі генерал Назарзода тәжік президенті Эмомали Рахмонға қарсы көтеріліс ұйымдастырды деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG