Ссылки доступа

Мәскеу: АҚШ-тың әрекеті ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіреді


Мәскеу Құрама Штаттардың Румынияда зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін құруы Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деп есептейді.

Бұл жөнінде "Интерфакске" Ресей СІМ өкілі Михаил Ульянов мәлімдеді. Ол Мәскеудің көзқарасы бойынша АҚШ орта және шағын қашықтықтағы зымырандар жөніндегі келісімді бұзғанын айтқан.

Еске сала кетейік, 12 мамырда АҚШ және НАТО өкілдері Румынияда зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің бір бөлімшесінің оперативті түрде құрылғанын мәлімдейді. Вашингтонның мәлімдеуінше, бұл одақтастарын қауіптен қорғау үшін қажет.

13 мамырда АҚШ Польша аумағында зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің екінші нысанын тұрғызуды ресми мәлімдейді.

XS
SM
MD
LG