Ссылки доступа

Бағдат: жарылыстан жараланғандардың жағдайы ауыр


Бағдаттың шииттер тұратын Садр-сити ауданындағы базарда болған жарылыстан 60-тан аса адам қаза тауып, 100 шақты адам жараланған. БАҚ-тың хабарлауынша, жарылғыш заты бар көлік жарылған. Бұл уақытта қалада базар маңында өте көп адам болған.

Жарылыстың жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алды.

Сәуір айының басынан бері Бағдадта бірнеше рет жарылыс болып, ондаған адам қаза тапқан. Ирактың солтүстігі мен батысындағы көп жерге иелік етіп тұрған ИМ елдегі шииттерге жиі шабуыл жасайды.

Базар маңында болған жарылыс соңғы айларда адам саны ең көп құрбан болған ірі оқиға болып отыр. Жараланғандардың жағдайы да өте ауыр халде.

XS
SM
MD
LG