Ссылки доступа

Қырғызстанда шекараны кесіп өтпек болған 7 ауған ұсталды


Қырғызстанның Баткен ауданы Жарык-Суу елдімекенінен шекарашылар Ауғанстанның жеті азаматын ұстап алды деп хабарлайды шекара қызметінің жергілікті басқармасы.

Олардың тек біреуінде ғана паспорт болған, онда 2016 жылдың 20 шілдесіне дейін берілген виза бар. Ал қалғандарында тек мерзімі өтіп кеткен "босқын" деген мәртебесі бар куәлік болған.

Ауғанстан азаматтарына шекарадан заңсыз өткендері үшін айыппұл тағылып, оларды жағдайларын анықтау үшін милиция қызметкерлеріне тапсырған.

Олар Қырғызстан және Тәжікстан аумағының шекараларын кесіп өткен деп хабарланады.

XS
SM
MD
LG