Ссылки доступа

Тәжікстанда Ауғанстан мен Пәкістанға электр қуатын тасымалдайтын жоба іске қосылды


Тәжіктің Турсунзаде қаласында Қырғызстан мен Тәжікстаннан Ауғанстанға және Пәкістанға электр қуатын жеткізуге арналған CASA-1000 жобасы салтанатты түрде ашылды.

Ашылу салтанатына Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, қырғыз премьер-министрі Сооронбай Жэннбеков, Пәкістан және Ауғанстан үкіметінің басшыларыс Наваз Шариф пен Абдулла Абдулла қатысты.

Жобаның алғашқы сатысында Қырғызстан мен Тәжікстанды байланыстыратын қуаты 500 кВ «Датқа-Худжанд» (477 шақырым) жоғары кернеулі электр тасымалы желісі салынады деп көзделген.

Одан соң электр қуатын Тәжікстаннан Ауғанстанға одан әрі Пәкістанның Пешвара қаласына (750 шақырым) тасымалдайтын жлектр тасымалы желісін салу жоспарланған. Жобаның жалпы құны 953 миллион доллар.

XS
SM
MD
LG