Ссылки доступа

Қазақстанда «жер комиссиясы» құрылады


Комиссия жетекшісі ретінде Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев тағайындалды. Премьер-министр Кәрім Мәсімов комисся жұмысының маңыздылығын атай келе, жақында құрылған ақпарат және коммуникация министрлігіне оның жұмысын насихаттау жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.

Қазақстан премьер-министрінің сайтындағы хабарламаға сәйкес, комиссия құрамына парламент депутаттары, үкімет мүшелері, саяси партия және агробизнес, салалық қауымдастық өкілдері, сонымен бірге ғалымдар мен азаматтық белсенділер кіреді. Комиссия жұмысына қоғамдлық кеңестерді де тарту көзделген.

Өткен аптадағы үкіметтің отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев елде жаппай рұқсат етілмеген қарсылық шаралары мен митингтерге себеп болған және шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін ұзақ мерзімге беруге наразылық тудырған жер кодексінің нормаларына мораторий жариялаған еді. Назарбаев бұл шешімін халыққа алдымен жер мәселесін түсіндіріп алу қажеттігімен түсіндірді.

XS
SM
MD
LG